21.04.2020, 13:33
Оқылды: 103

Карантиндік режім кезінде қалалықтардың жүріп-тұруы қатаң қадағаланады

Бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов осылай деді.

79B5C7BF-598D-4583-8357-FE635EB1A17E

STOPCOVID.KZ. сайты арқылы тіркеліп, жедел штаб бекіткен жағдайда қызметі тұрғындардың тыныс-тіршілігіне байланысты кәсіпорын қызметкерлеріне қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат етілген. Маршрут    үй мен жұмыс арасы, өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.

Қаланың блокбекеттері арқылы кіріп-шығу және қала бойынша жүк тасымалдау үшін өзімен бірге тауар-транспорттық құжат немесе іссапар қағазы немесе мекенжайы көрсетілген маршрут қағазы болуы керек.

  Медицина қызметкерлерін апарып-әкелу бойынша 17 маршрут жасақталды, бұл мақсатта 65 автобус жұмылдырылып отыр. Олар желіге күніне екі рет, яғни таңертең және кешке шығады.

Саяжайға баруға сенбі және жексенбі күндері рұқсат етілді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 65 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале