10.10.2019, 12:24
Оқылды: 395

Қаратөбеде 15 шаруа қожалық асыл тұқымды мал өсіруде

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевпен баспасөз брифингі өтті.

Karatobe fkim Zhanat Asantaev

Биыл Қаратөбе ауданында мақсатты пайдаланбаған 21 шаруа қожалығының 18 785 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қыркүйек айында өткен жер конкурсынан соң 25 шаруа қожалыққа 1 9151 гектар жер телімі пайдалануға берілген.

-Шет елден асыл тұқымды ірі қара сатып алу жұмыстары жүргізілуде. «Сыбаға» бағдарламасымен 4 шаруа қожалық Ресейден 133 бас, «Терра» ЖШС арқылы 243 бас ірі қара сатып алды.

Мал шаруашылығындағы жүйелі жұмыстар мал басын асылдандыруға оң әсерін тигізіп келеді. Жыл басынан ауданда мүйізді ірі қара өсіретін 15 шаруа қожалық асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесіне сай жұмыс жасауда. Олардың 9-ы репродуктор шаруа қожалығы. Бұған қоса ауданда 2 шаруа қожалығы асыл тұқымды қой өсірсе, екі қожалық асыл тұқымды жылқы бағуда.

2018 жылы 117 шаруа қожалық 215 млн. 290 мың. теңге субсидия алып, жыл басынан бері 107 шаруа қожалықтан 218 млн. 751 мың теңгеге 246 өтінім түсті. 90 өтінімге 116 млн. 905 мың теңге төленсе, 156 өтінімнің 101 млн. 846 мың теңгесі резервке қойылды, - дейді Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале