10.10.2019, 13:25
Оқылды: 513

Қаратөбеде алкогольсіз сусын шығарылады

Аудан орталығында алкогольсіз сусын шығаратын зауыт ашылғалы тұр. Құны 200 млн. теңге болатын бұл жобаның жетекшісі – қаратөбелік кәсіпкер, «Nazelprodukt» ЖШС-ның директоры Қайратқожа Қожамұратов. Қазір құрылыс жүруде. Жыл аяғына дейін іске қосылатын бұл нысан 15 адамды жұмыспен қамтиды. Бұл жайлы аудан әкімі Жанат Асантаев брифингте айтты.

 Karatobe fkim Zhanat Asantaev

Қаратөбе ауданында 743 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, олардың 700-і жұмыс жасап тұр. Ал 180-і жаңадан ашылған.

-Ауданда 7 шағын цех бар. Оларда 13 адам жұмыспен қамтылған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бір жеке кәсіпкер 2,7 млн. теңгенің грантын ұтып алды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының II бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында жыл басында «Бастау-Бизнес» бойынша 155 адам оқуды аяқтады. 61 адамға 183,5 млн.тенге несие берілді.

«Отбасы бизнес» жобасы бойынша 89 жұмыссыз адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант берілді, - деді БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев.

Биыл 200 млн. теңгеге 2 ірі жоба жүзеге асқан. Ашып айтсақ аудан орталығында 300 орындық мейрамхана және заманауи үлгідегі супермаркет салынған.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале