10.10.2019, 13:19
Оқылды: 114

Қаратөбелік меценаттардың көмегімен 8 жоба іске асты

Биыл Қаратөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 20 жоба жүзеге аспақ. Бұл жайлы Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев айтты.

Аталған ауданда меценаттардың демеушілігімен 3 млн. 310 мың теңге көлемінде 8 жоба іске асқан.

Атап өтсек, 300 мың теңгеге Жамбыл орта мектебі музыкалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Қоскөл ауылының орталық алаңына тас төселіп, жарықтандыруға 300 мың теңгені, Саралжын ауылдық округіне «Мұхит ауылы» белгі орнатуға 350 мың теңгені, Қоскөл ауылындағы Қаржауов көшесінің саябағын қайта жөндеуден өткізуге 500 мың теңгені жомарт азаматтар берген. Сондай-ақ 500 мың теңгеге Жамбыл орта мектебі алдына хоккей корты, 860 мың теңгеге «Балалар әлемі» ойын-сауық алаңы салынған. Б.Есболат 350 мың теңгеге Шалғын негізгі мектебін компьютерлік құрал-жабдықтар алып берсе, «Бөлекбай» ШҚ 150 мың теңгеге Аққозы мектебіне домбыра сыйлаған.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале