12.02.2018, 15:12
Оқылды: 29

Қаржы басқармасында - жаңа басшы

AE3I1349 (1)Батыс Қазақстан облыс әкімі Алтай Көлгінов Қаржы басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салахатдинова Айгүл Бақытжанқызының зейнеткерлікке шығуына байланысты, конкурстық коссияның шешіміне және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы лауазымына Имашев Дулат Бауыржанұлы тағайындалды.

Имашев Дулат Бауыржанұлы – 1978 жылы туған. Білімі жоғары.  1999 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «экономист менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

  • Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасында жетекші, бас маман;
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасында бас маман;
  • Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары;
  • Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында, басшы орынбасары;

Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале