31.10.2018, 18:26
Оқылды: 35

Кәсіпкерлер қайырымдылық шарасын өткізді

Бүгін қайырымдылық айлығыа ясында Круглоозерный кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен кент кәсіпкерлері және Орал қалалық мәдени ағарту бірлестігінің қолдауымен «Ата-ана» мейрамханасында кенттегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап мерекелік дастархан жайылды.

kruglo (2)

Аталмыш шара кентімізде дәстүрлі түрде биыл екінші мәрте өткізілуде. Мереке барысында көңілді ойындар, әсем би мен қызықты жұмбақтар арқылы аниматорлар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар қайырымдылық айлығы аясында кентімізде мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Кент әкімшілігі атынан қайырымдылық шараларына әрдайым қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз.

Круглоозерный кенті әкімдігі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздіңInstagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале