8.02.2019, 18:17
Оқылды: 79

Кәсіпкерлер онлайн кассалық аппарат қолдануы керек

 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық кәсіпкерлік субъектілер онлайн жүйесіндегі бақылау кассалық аппаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.

WhatsApp Image 2019-02-08 at 00.18.29 (1)Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бұл талапты кәсіпкерлерге түсіндіру шараларын өткен жылдан бері жүргізуде. Қазіргі уақытта салық төлеушілерге жедел әрі қажетті кеңестер беру үшін мемлекеттік қызметтер көрсетуге қолайлы адамдар көп шоғырланатын жерлерде, базарларда, сауда үйлерінде көшпелі кездесулер өткізуде. Мұндай шара немесе мобильді кеңсе жұмысы кәсіпкерлерге уақыт үнемдеуге және тиісті сұрақтарына мамандардан кеңес-нұсқау алуға мүмкіндік береді.

Орал қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жүніс Күншаевтың айтуынша, жыл соңына дейін 660 қызмет түрімен айналысатын кәсіпкер онлайн жүйесіндегі кассалық аппарат қоюы керек. Алайда әлі күнге 450-дей салық төлеуші талап үдесінен шыға алмай отыр. Сондықтан ондай деректерді беру функциясы бар кассалық аппараттарды сататын фирмалардың өкілдері де шараға қатысып, кәсіпкерлерге аппараттарды саттыққа ұсынуда. Сонымен қатар кәсіпкерлер сатып алған аппараттарын мемлекеттік кіріс органдарында тіркеуге өтініш береді.

WhatsApp Image 2019-02-08 at 00.18.29Жақында Орал қаласындағы "Алтын Алма", "Мерей", "Мирлан" және "Золотая чаша" базарларында сауда жасайтын кәсіпкерлермен өткен көшпелі кездесу барысында мобильді кеңсеге 70-тен астам салық төлеуші келді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық сауда базарларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер (патент бойынша жұмыс істейтіндерден басқа) онлайн жүйесіндегі кассалық аппаратты қолдануға міндетті.

Ж.Күншаевтың айтуынша, 2018 жылы онлайн кассалық аппаратты тек 27 қызмет түрі бойынша қолдану міндеттелсе, осы жылдың аяғына дейін сол цифрлық жүйеге көшу толық аяқталады. Өйткені 2019 жылы 633-тен астам қызмет түрі фискалдық деректерді беру функциясы бар кассалық аппараттарды пайдалануға көшеді. Онлайн кассалық аппаратты қолдануға патент бойынша жұмыс істейтіндерді және интернет желісіне қол жеткізу аймағынан тыс орналасқандарды қоспағанда, барлығы міндетті болады. 2020 жылдан бастап патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ шаруа қожалықтары онлайн жүйесіндегі аппараттармен жұмыстанатын болады.

Қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырған кезде онлайн бақылау кассалық аппарат қолданбағаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза көзделген. Одан кейін бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіпкерлік субъектісіне заңнама бойынша 15 АЕК және одан жоғары айыппұл салу қарастырылған.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале