22.02.2017, 16:15
Оқылды: 51

«Кәсіпкерлік жастар үшін»

Осындай тақырыппен облыстық жастар ресурстық орталығы және аймақтық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен тренинг өтті.

Жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың өкілі Байболат Алматтың айтуынша, биылдан бастап орталықта «Жас маман» жобасы жүзеге асуда.

- Жобаның негізгі мақсаты – ЖОО және колледж түлектерінің оқуды бітірісімен еңбекке араласуына көмектесу. Осы мақсаттағы шараларымыз басталып кетті. Мәселен, 28 ақпан күні агроколледжде бос орындар жәрмеңкесі өтпек. Айта кетейін, фейсбук желісінде арнайы ашылған тобымыз бар. Онда күн сайын бос жұмыс орындарының тізімі жарияланып отырады. Сонымен қатар өңіріміздегі түрлі жұмыс берушілермен меморандумға қол қойылды. Қазіргі күні бізбен жұмыс атқаруға 80 компания тілек білдірді. Олардың дені – құрылыс фирмалары. Бүгінде жастардың көбі өз ісін бастағысы келеді. Бүгінгі тренингте біз оларға мемлекет ұсынатын бағдарламалар мен оны пайдаланудың жүйесін түсіндірдік,- дейді ол.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале