27.10.2020, 10:01
Оқылды: 93

Кәсіподақ Орал қаласының кәсіпорындарында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді

Әлемдік пандемияның толқындары адами ресурстың маңыздылығын, соның ішінде еңбек адамы рөлінің маңыздылығын ұқтырғаны жасырын емес. Дәл қазіргі сәтте мемлекет және мемлекет экономикасы үшін, қоғам субъектілері үшін еңбек күшінің үздіксіз қозғалысы аса маңызды үдеріс. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «COVID-19. Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек үшін» атты республикалық акциясын бастаған болатын.

IMG-20201026-WA0046-01

Акцияның басты мақсаты – еліміздегі жұмысшы күшінің көп бөлігі өндірістік кәсіпорындарында қызмет етіп жатырса, сол жұмысшы күштің карантиндік талаптарда  қаншалықты қауіпсіз қызмет атқарып жатқандығын бақылау болып табылады.
Өндірістік кәсіпорындардағы карантиндік шаралардың сақталу тәртібі мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуін бақылау мақсатында «Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымымен бірлесіп «Жайықжылуқуат» кәсіпорынына барып, карантиндік талаптардың сақталу деңгейіне, жұмысшылардың ұжымдық келісімдер аясында еңбек ету тәртібіне жалпы қоғамдық бақылау жасады.  Пандемияның екінші толқынының қауіпі жариялана бастаған сәттен бастап, кәсіпорындағы  санитарлық-дезинфекциялық жұмыстардың жиілігі артып, мекеменің кіріберістеріне антисептикалық бүріккіштері бар кабиналар орналастырылған.

IMG-20201026-WA0051-01

Бұл туралы кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Нұрлан Дүйсенбайұлы мониторингтік жұмыстар соңында:
- Пандемияның алғашқы сатылары кезінде жұмысшылар арасында карантиндік талаптарды бұзу фактілері көп тіркелген еді, бірақ қазіргі жағдайда бәрі басқаша. Карантиндік иммунитетке біздің жұмысшылар үйренген, барлығы дерлік санитарлық талаптарды сақтап, өздерінің денсаулықтары үшін әрекет етеді. Толық жұмыс уақытының сақталуына байланысты, қызметкерлер таңнан кешке дейін осы ғимаратта жүреді. Дегенмен, бұл ешқандай қауіпке себепші емес. Ғимарат – санитарлық талаптардың кез келген сынына сай жасақталған, жұмысшылардың дене температурасын, қорғаныш құралдарының жиі ауыстырылымдығын, дезинфекциялық тазалау жұмыстарының мұқият орындалуын қадағалаушы комитет пен жауапты мамандар өз қызметтерін жоғары деңгейде орындауда – деді.

«БҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале