27.10.2020, 20:33
Оқылды: 87

Қатаң сөгіс берілді

Бүгін облыстық мәслихат  ғимаратында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. 

659F3E9A-77C7-4702-90B5-E6EF7A1C407F

Кеңесте облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Гүлнара Сәрсенғалиева мен Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аслан Даубаевтың тәртіптік ісі қаралды.

  Кеңесте белгілі болғанындай білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері тарапынан департамент басшысы Г. Сәрсенғалиеваның дөрекі мінез танытатыны, этикалық нормаларды сақтамайтыны жөнінде арыз түскен. Бұл арыздың тағы бір данасы ҚР Білім және ғылым министрлігіне де жолданған. Әдеп кеңесінің төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың айтуынша, арызға қол қойған ұжым қызметкерлері арызды қуаттап түсініктеме берген.

– Тексеру барысында ұжымда моральдік-психологиялық ахуал нашар екендігі белгілі болды. Сондықтан Әдеп жөніндегі кеңеске бұл мәселе шығарылды. Отырыста ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалды дұрыстау бағытында жұмыс жүргізілмегені айтылды. Тәртіптік кеңесте аталмыш департамент басшысы Г.Сәрсенғалиеваға әдеп нормаларын сақтамағаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныс берілді. Әдеп кеңесінде қаралған екінші мәселенің бірі - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аслан Даубаевтың істелінбеген жұмыс көлемі үшін қаражат аударғаны белгілі болды. Талқылау барысында техникалық қадағалау және авторлық бақылау тарапынан актілерге қол қойылғаны анықталды. Бүгінгі күнде жұмыс көлемі артығымен орындалған. Қол қойған кезде де заң бұзушылықтарға жол берілген. Сондықтан әдеп кеңесі мүшелері басым дауыспен А.Даубаевқа қатысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды, - деді Ғалым Тұрсынбаев.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале