20.06.2019, 11:47
Оқылды: 491

Қазақ даласындағы киіктердің саны 334 400 басқа жетті

2019 жылғы әуе санақтың қорытындысы бойынша Қазақ даласындағы киіктердің саны 334 400 басқа жетті. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

65304613_1306657512819130_3076422238753259520_n
-Үстірт популяциясында - 5 900 бас, Орал популяциясында - 217 000 бас және Бетпақдала популяциясында - 111 500 бас. 2018 жылмен салыстырғанда өсім 55,5 %-ды құрады. Бұл санақ Охотзоопром мекемесі мен облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекция мамандарының атқарып жатқан қорғау жұмыстарының көрсеткіші,-деп жазды ол.

64854480_1306653442819537_8187263442151800832_o

Суретте Орал популяциясының киіктері.
Батыс Қазақстан облысы.
Авторы Яков Федоров

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале