13.02.2020, 17:22
Оқылды: 37

Қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың форумы өтті

Қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың «Өзгеріс кезеңіндегі сын мен шын» IV форумы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

QAZFORUM-556

Өткен жылдар ішінде QAZFORUM онлайн-БАҚ редакторлары мен журналистеріне арналған шағын іс-шарадан еліміздің қазақ тілді онлайн медианың ірі республикалық дискуссия алаңына айналды.

Жыл сайын Форум ұйымдастырушылары қатысушыларға қазақ тілді онлайн контенттің өзекті мәселелерін талқылауға және халықаралық тәжірибе негізінде қазақстандық медианың даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік береді.

QAZFORUM-485

QAZFORUM-ның бастамашысы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі болса, ұйымдастырушысы – Қазақстан Баспасөз клубы. Биылғы жылы бұл шараны «Air Astana» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «BI Holding» АҚ қолдаған.

Дәстүрлі форумға қатысуға биыл 500-ге жуық өтінім түскен. Алайда қатысуға орындар санының шектеулі болуына байланысты тек 250-ге жуық қазақ тілді онлайн-контентті жасаушы маман қатысты. Соның ішінде Қазақстанның 11 облысынан 50-ге жуық қатысушы болды.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале