19.10.2017, 15:54
Оқылды: 21

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында бірінші орын алды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытайдың Шанхай қаласында байдарка мен каноэдан 12-18 қазан аралығында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Қазақстандықтар 8 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде иеленген. Қытай құрамасы екінші, өзбекстандықтар үшінші орыннан көрінген. Чемпионат ересектер мен жастар арасында өткен. Оған 27 елдің спортшылары қатысқан.

Қазақстан құрамасы сапында батысқазақстандық спортшылар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Азия ойындарының жеңімпаздары Алексей Дергунов пен Андрей Ергучев аса сәтті өнер көрсетті. Алдымен А.Дергунов екі кісілік байдаркада астаналық Сергей Токарницкиймен бірге 200 метрлік қашықтықта чемпион атанса, А.Ергучев төрт кісілік байдаркада Қазақстан құрамасы сапында 1 мың метрден жарысуда қола медальға қол жеткізді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале