3.08.2017, 15:38
Оқылды: 20

Қазақстан жəне Қытай делегаттары кездесті

Бүгін "EXPO - 2017"халықаралық көрмесі ауқымында ҚХР-дың Фуцзиянь провинциясы күніне байланысты Қазақстан жəне Қытай делегаттары кездесті.


Бизнес форумға ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева, Қазақстанның Инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің басшысы Айдын Байеділов, БҚО əкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов "Атамекен" ҰКП төралқасының мүшесі Талғат Доскенов қатысты. Іскерлік кездесуде көрші елден Фуцзьянның даму жəне жаңғырту комитеті төрағасының орынбасары Е Фэйвэнь, экономика жəне ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары Лань Вэнь, Қазақстандағы ҚХР елшілігінің өкілі мен қытайлық ірі кəсіпорындарының жетекшілері де болды.

Фуцзянь - Қытай оңтүстік-шығыз бөлігінде теңіз порты жүйесі орналасқан провинция. Өңірде ауыр өнеркəсіптің мұнайхимия, электроника, құрылыс, машина жасау, ІТ-индустрия түсті металлургия салалары дамуда жəне ауыл шаруашылығы бойынша тұрғындар балық аулау жəне оны өңдеумен, ағаш сүректерін дайындаумен шұғылданады. Аталған аймақты 37 млн адам мекендейді. Өңірдің жалпы ішкі өнім көлемі былтыр 421 долларды құраған. Қытай ұлттық павильонында өткен бизнес форумда провинцияның инвестициялық əлуеті, энергосектор жəне туризм саласын дамыту жайы, Янань мен Ванлун компаниялары таныстырылды. В2В форматында өткен кездесуде облыс əкімінің бірінші орынбасары Арман Кəрімұлы екі елдің арасындағы экономикалық байланыс мығым екенін айтты.

Форумда Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымын жандандыру, инвестициялық əріптестікті нығайту жəне бірлескен кəсіпорындар құру мəселелері талқыланды. Фуцзиянь күнінің ашылуына байланысты дəстүрлі "Даминфо" қуыршақтар театры қойылым ұйымдастырды. Қазақстанның Инвестициялық ынтымақтастық агенттігі ЭКСПО алаңында Қазақстан мен      Қытай провинцияларының іскерлік қарым-қатынасын нығайту бағытында маңызды шаралар өткізіп жатқаны мəлім. Еске сала кетейік, кеше облыс əкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жəне Орал қаласы əкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов Малайзиялық делегация өкілдерімен кездесті. Кездесуде аталған елдің "жасыл технологияны" дамыту тəжірибесін пайдалану жəне кəсіпкерлік байланысты орнату жөнінде алдағы уақытта мəміле жасасуға келісім жасалды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале