29.06.2020, 11:14
Оқылды: 373

Қазақстанда «Абай» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады

Биыл «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» екі жаңа телеарна ашылады. Жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық жобалар туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

6590DEA4-8BA0-494A-8898-23C740BC4488

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі, яғни «Абай ТВ», «Әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, «Абай ТВ» телеарнасы ертең - 30 маусымнан жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба - «Әл-Фараби» телеарнасы. Ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале