27.12.2019, 13:38
Оқылды: 5910

Қазақстанда екпе жасау міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда екпе жасау міндеттеліп, адам ағзасын шетелге шығаруға рұқсат етілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

екпе

Кеше елордада "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс бойынша қоғамдық тыңдау өткен болатын. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік орган қызметкерлері мен қоғам белсенділерін жинап, заңның тиімділігін бүге-шүгесіне дейін түсіндіруге тырысты. Бірақ басқосу соңы шуға ұласқан.

"2016 жылы менингакок инфекциясының тарағаны естеріңізде болар. 15 өлім жағдайы тіркелді. Ал оған қарсы екпе бар. Сол кезде көптеген адамдар бұл екпені іздеуге кірісті. Екпе бізге дұрыс нәтиже берді. Бір кездері біздің елде гепатит Б өте көп болды. Алайда екпе жасау жүйесін енгізгелі ауру 40 есеге азайды", - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.

Бұл пікірмен жиналғандар келіспеді. Екпе жасуды міндеттеу дұрыс емес деп санайтындар табылды. Оған айғақтары да бар. Мысалы мына келіншектің 9 айлық баласы қызылшаға қарсы екпе жасатқан соң көз жұмған.

Айта кетейік, елімізде екпе сатып алу үшін жылына 25 миллиард теңге бөлінеді. Сондай-ақ, қоғамдық тыңдау барысында трансплантация туралы да айтылды. Бүгінгі күні шамамен 3 мың адам бүйрек ауыстыруға мұқтаж, 500-ге жуық науқастың бауыры трансплантациялауды қажет етеді. Жүрек, өкпе секілді органдарын ауыстырғысы келетіндер де аз емес.

Бір сөзбен айтқанда, жаңа заң жобасы қайтыс болған адамдардың органдарымен алмасуға мүмкіндік береді. Алайда бұл норманың енгізілетіні жұртшылықты қуантпады. WhatsApp әлеуметтік желісінде Парламенттен жаңа кодексті қайтарып алу туралы петицияға қол қою жөнінде хабарлама белсенді түрде таратылды.

"Біз барлық пікірлерді естідік. Бірақ бұл біз райымыздан қайтамыз дегенді білдірмейді. Біз өз ұстанымымызды талап етеміз. Бірақ айтылған пікірлерді ескере отырып, дауыс беру арқылы қабылданады. Сол себепті депутаттар естісін деген мақсат болды", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Министр келесі жылдың қаңтарында қайтадан Қоғамдық тыңдаулар өткізуге уәде берді.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале