12.06.2020, 15:30
Оқылды: 685

Қазақстанда мемлекет меншігіндегі 863 нысан жекешелендіріледі

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен халыққа есеп беру кезінде Қазақстанда 863 мемлекеттік меншік ұйымы жекешелендірілетінін жеткізді.

Zheke

«Кешенді жоспар бойынша 863 мемлекеттік меншік ұйымы мен квазимемлекеттік сектор нысанын жекешелендіру қарастырылған. Мұндағы мақсат - экономикадағы мемлекеттің үлесін 15%-ға дейін қысқарту. Қазір бұл үлес жалпы ішкі өнімнің 16,2%-ын құрайды», - деді Ерұлан Жамаубаев ОКҚ алаңында өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

  Оның айтуынша бұған дейін 534,1 млрд. теңгеге 503 нысан сатылған. «Тағы 298 нысан қайта құруға және таратуға бағытталды. Оның ішінде 220-сы қайта құрылып, таратылады. Жоспардың орындалуы сатылған және қайта құруға немесе таратуға жіберілген нысандарды қоса алғанда, 93%-ды, ал сауда-саттықта тұрғандарды есепке алғанда - 96,8%-ды құрайды. Кешенді жоспар аяқталғанға дейін 62 нысан сату жұмысы қалды. Оның 34-і сауда-саттықта тұр», - дейді ол.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале