8.07.2020, 16:27
Оқылды: 77

Қазақстанда пандемиямен күреске 191,9 млрд. теңге қарастырылды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов коронавирус пандемиясымен күреске республикалық бюджеттен қаржы бөлінгендігі туралы айтты.

06DF0650-FBEC-460C-9A16-851739DB3331

«Қазіргі уақытта пандемиямен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде бюджетті нақтылау аясында 125 млрд. теңге, үкіметтік резервтен 66,9 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаржы қатаң мақсатты бағытқа көзделген. Ол мемлекеттік сатып алу жүргізуден бастап, соңғы сатып алушыға жеткенше бақылауда болады», - деді вице-министр Б.Шолпанқұлов.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале