15.10.2019, 17:50
Оқылды: 369

Қазақстандағы алтын-валюта қоры 28,8 млрд. доллар

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасының халықаралық резервтік активтері, 2019 жылдың 1 қазанындағы қорытынды да қыркүйектің ішінде 601 млн. долларға ұлғайып (плюс 2,13%) 28,837 млрд долларға жеткен.

валюта

Қор құрылымында алтынның құны 62,6%. Бұл – 18,054 млрд. доллар. Жылдық өсім – 25,5%. Валюта активтері 10,873 млрд. АҚШ долларын немесе 37,4% құрады. Олар жыл басынан бері 34,8% -ға азайды.

Халықаралық резервтік активтер деңгейі 2017 жылы ұлғайған. Сол кезде 1,973 млрд. долларға өскен. 2018 жылы 769 млн. долларға төмендеген. Ұлттық банктің мәліметінше, осы жылдың тоғыз айында резервтер 1,743 млрд. долларға азайған.
Ал резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2019 жылғы 1 шілдедегі көрсеткіш бойынша 28,2 млрд. АҚШ долларына бағаланды. Бұл Қазақстанның импортқа шығатын тауарлары мен қызметтердің 7,2 айлық қаржысын жабуға жеткілікті.

Биыл Қазақстан Ұлттық Банкі алтын сатып алу тәжірибесін жалғастырды. Қазақстан жиналған алтын қоры бойынша алдыңғы қатардағы 20-қа кіреді. Қазіргі мемлекет қорында 377,3 тонна стратегиялық металл бар. Бұл Сауд Арабиясы, Ұлыбритания немесе Түркиямен салыстырғанда көп.

Дүние жүзілік Алтын Кеңесінің (World Gold Council) мәліметі бойынша, 2019 жылдың 1 қазанында жағдай мемлекеттер жинаған алтын қорының жалпы көлемі 34,392 мың тонна.

 

  1. АҚШ – 8133.5 тонна
  2. Германия – 3366.8 тонна
  3. Халықаралық валюта фонды– 2814.0 тонна
  4. Италия – 2451.8 тонна
  5. Франция – 2436.1 тонна
  6. Ресей – 2230.4 тонна
  7. Қытай – 1942.4 тонна
  8. Швейцария – 1040.0 тонна
  9. Жапония – 765.2 тонна
  10. Үндістан – 618.2 тонна
  11. Нидерланды – 612.5 тонна
  12. Европалық орталық банк – 504.8 тонна
  13. Тайвань – 423.6 тонна
  14. Португалия – 382.5 тонна
  15. Қазақстан – 377.3 тонна
  16. Түркия – 362.5 тонна
  17. Өзбекстан – 325.7 тонна
  18. Сауд Арабиясы– 323.1 тонна
  19. Ұлыбритания – 310.3 тонна
  20. Ливан – 286.8 тонна
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале