3.02.2018, 14:13
Оқылды: 22

Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетті

DSC_0779Бүгін қаладағы «Атамекен» туризм орталығында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында «Денсаулық күні» оздырылуда.
Аталған шара жақын күндері Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадаға қатысатын спортшыларды қолдауға арналды. Спорттың шағын футбол, хоккей, волейбол, шаңғы жарысы түрлерінен өткен додаға облыс әкімі Алтай Көлгінов пен спорттың шорт-трек түрінен еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовой қатысты.

Қала басшысы Мұрат Мұқаевтың атап өткеніндей, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 9 ақпан күні басталатын қысқы Олимпиада ойындарына Оралдан шорт-трек шеберлері, әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев қатысады. Оған қоса Абзалдың Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын алып шығатыны белгілі. Батысқазақстандықтар тек шорттрекшілер ғана емес, дүниежүзілік додаға қатысатын барша қазақстандық спортшыларды қолдайды.

Орал қалалық әкімдігі мен қалалық спорт басқармасы ұйымдастырған шараға көптеген мемлекеттік мекеме командалары қатысты.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале