28.12.2016, 16:08
Оқылды: 37

Қазақстандықтар қаңтар айында 11 күн демалады

kalendar  2017 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар жалпылай санағанда 11 күн демалады екен, деп жазды kaz.365info.kz сайты.

  Жаңажылдық мереке қаңтардың 3-іне дейін созылады. Жұмыс аптасы қаңтардың 4-інен басталады.


 Ал қаңтардың 7-сінде атап өтілетін православтардың Рождество мерекесі сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс болмайды. Өйткені ҚР Еңбек кодексіне сай, Рождество мен Құрбан айт “демалыс күні” саналғанымен, ресми мерекеге жатпайды.

   «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңға сәйкес, бізде «ұлттық» мереке біреу-ақ — Тәуелсіздік күні. Мемлекеттік мерекелер — Жаңа жыл, Халық бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр, Наурыз мейрамы, 8 наурыз, Астана күні, Конституция күні, Тұңғыш Президент күні.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале