1.10.2020, 14:45
Оқылды: 85

Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы 2,4 трлн теңгені құрайды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық несиесі бар азаматтарды қолдау шаралары туралы айтып берді

Ипотека

2015 жылдан бастап ҚР Президентінің тапсырмасымен Қазақстанда Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы қолға алынған болатын. Оған 286 млрд теңге қаражат бөлінді. «Бүгінде 27,3 мың қазақстандықтың сыйақы мөлшерлемесі 3% түсті. 7,9 мың адамның валюталық қарыздарына конвертация жасалып, олардың қарыздық жүктемесі екі есеге азайды. Әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған топқа жататын 8 мың адамның негізгі қарызы азайтылды», - деді агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов. Оның айтуынша, халықтың 388,6 мың ипотекалық несие бойынша қарызы 2,4 трлн теңгеге жеткен. 386,1 мың несие - теңгемен алынған, 2,5 мың несие - шетелдік валютада. «Қолға алынған шаралардың арқасында ипотекалық портфельдегі проблемалық несиелер 7% төмендеді», - деді спикер.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале