26.02.2020, 18:09
Оқылды: 54

Қазақстандықтардың көліктің VIP нөмірлеріне сұранысы азайған

Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

vip nom tirkeu

2019 жылы ел азаматтары авто халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 3018 млрд.теңгеге 12658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14909 VIP нөмірі үшін 3560 млрд.теңге жұмсаған. Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығымен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейтін. Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Егер көлік иесінің бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

2020 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы келесідей өзгерді.

Нөмір белгілері  Баға
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707   151 107тг (57 АЕК)

 

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 белгілері мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 302 214тг (114 АЕК)

 

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 363 187тг(137 АЕК)

 

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999  мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 514 294 тг(194 АЕК)

 

001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 604 428 тг(228 АЕК)
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 755 535 тг (285 АЕК)

 

әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) 151 107 тг(57 АЕК)

 

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале