12.06.2020, 15:08
Оқылды: 736

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде тұр – Қаржы министрі

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халыққа онлайн есеп берген Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздің мемлекеттік қарызы қандай деңгейде тұрғанын айтты.

Karyz

«2019 жылдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда мемлекеттік борыш көлемінің лимиті 50% болғанда - 24%-ды құрады. 2020 жылғы бірінші тоқсанның соңында бұл көрсеткіш 25,5% теңесті. 2019 жылы бюджетке түскен борыштық жүктеме 15% лимиттің 12,9%-ын құрады.

Болжам бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш республикалық бюджет кірістерінің шамамен 13,1%-ын құрайды, яғни бұл қауіпсіз деңгей», – деді Ерұлан Жамаубаев ОКҚ алаңы арқылы халық алдында есеп беру кезінде. Сондай-ақ министр мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале