26.02.2018, 15:58
Оқылды: 29

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты халықаралық дәрежеде жоғары деңгейде бағалануда

 

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолын табуға бағытталған 10 негізгі міндеттемелердің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып көрсетілген.

Жемқорлықтың алдын алудың жаңа бағыты 2014 жылдың желтоқсанда бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясымен басталды.

2015 жылдың 15 қарашада қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың жаңа заманғы әдістері мен формаларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Аталған заңның маңызды жаңалықтары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілер шеңберін кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа формаларды енгізу болып табылады (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру мен оны сақтау, мүдделер қақтығысын жою мен оларды шешу; кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру мен жариялау), сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары арасындағы нақты айырмашылықтар.

Жаңа заңның қабылдануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнаманың жаңа бағыттарын анықтады, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және жаңаларының қабылдануына мүмкіндік берді.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының қабылдануы маңызды орын алды, бұл мемлекеттік қызметте ашық конкурстық іріктеу механизмі арқылы меритократия қағидаларын енгізуге, біліктілік негізінде мансаптық өсуге, еңбек нәтижесі бойынша жалақы төлеуге мүмкіндік берді.

ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» өзара байланысты Заңдарының қабылдануы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімді бағасының легитимді механизміне айналған қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен транспаренттілік қағидасына бағытталды.

ҚР Президенті Жарлығымен Қабылданған Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесі) және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы қағиданың қабылдануы мемлекеттік қызмет әдебінің белсенді даму үрдісіне және мемлекеттік қызметшілердің моралдық-рухани қалыптасуына бастау берді.

Құқық қорғау және Сот жүйесі органдарында жасырын негативті тәуелділік пен қарама-қайшылық ойларды анықтау мақсатында полиграфологиялық зерттеу жұмыстары енгізілді.

Бейнебақылау жүйесінің орнатылуы сот үрдісіндегі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысынжәне олардың тарапынан әлеуетті құқықбұзушылықтарды бақылауға мүмкіндік берді.

Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, ұлттық компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлар жасақтап бекітіп, оны жүзеге асыруда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде және кадрлық саясат қағидасының ашықтығын қамтамасыз етуде.

Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды насихаттау жаңа деңгейге жетті және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау дәрежесін күшейтудің маңызды факторына айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жетілдіруі және әкімшілік үрдістердегі жемқорлық деңгейінің төмендеуі Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлықпен күрес Стамбұл жоспары аясындағы мониторинг үрдістеріне белсенді қатысуына себеп болды.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру арқылы тұрғындардың сыбайлас жемқорлықты азайтудағы мемлекеттік органдардың жұмысына деген сенімін күшейтті.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бірінші үш жылдық кезеңі табысты аяқталды.

Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінесәйкес, Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартқан.

Сонымен қатар, СТИ-ін есептеу кезінде 9 халықаралық рейтингтік агенттіктер зерттеулерінің нәтижелері қолданылды, оның 6-ы біздің елімізде сыбайлас жемқорлық көрсеткіштерінің жақсарғандығын көрсетіп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналдыру қоғам мен мемлекеттік мекемелердің бірлескен жұмысы.

 

Б.Ә.Исақов,

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале