4.01.2017, 11:24
Оқылды: 21

«Қазпошта» жаңа қызмет түрлерін іске қосты

janibek-kiz-jana    «Қазпошта» АҚ Жәнібек аудандық байланыс торабында да жұртшылыққа жағымды жаңалықтар болып жатқандығын осы мекемеге барғанымызда білдік. Бұл жөнінде әңгімелеген аталған мекеменің басшысы Айнаш Рахмушева ауыл тұрғындарына қазіргі заманғы технологиялық қызметтерді ұсыну байланыс жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап айтты.

-Жиырма бірінші ғасырдағы мемлекетіміздің бәсеке қабілеттігін анықтайтын белгілерінің бірі - тұрғындардың күнделікті өміріне жоғары технологиялардың ену деңгейі болып саналады. Бұл салада «Қазпоштада» біраз өзгерістер бар,-деді ол. –Бүгінгі таңда аудан бойынша  9 ауылдық округ орталықтарының барлығында «Қазпоштаның» бөлімшелері орналасқан. Осылардың ішінде Жәнібек, Жақсыбай, Күйгенкөл, Борсы ауылдарындағы бөлімшелер автоматтандырылған.

Оның айтуына қарағанда аталған 4 ауылдық округтегі тұрғындар сәлемдемелерді ресімдеп, пошталық жедел аударады және  еліміздің кез келген пошта бөлімшелерінен ала алады.  Бұл автоматтандырылған бөлімшелерде ұшақ және пойыз билеттері де сатылады екен. –Аталған 4 ауылдың тұрғындары жеке куәлігімен келіп, билетті сатып алуға болады. Біздің мекемедегі халыққа қызмет көрсететін операторлар  тұрғындардың қандай бағытқа ұшатынын, пойызбен баратынын компьютер арқылы анықтап алып, сол бағытқа тапсырыс береді. Ауданымыздағы автоматты төрт бөлімше  кешкі 6-ға дейін, ал Жәнібек ауылындағы  2 оператор түскі демалыс кезінде үзіліссіз жұмыс істейді,-дейді Айнаш Рухоллақызы.

 

                                                                                       Н.Жапақов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале