19.09.2019, 18:58
Оқылды: 299

Қазталов ауданындағы суландыру жүйелері жөнделуде

Аудан аумағындағы көлдетіп және жүйелі суармалы жер көлемі 68 411 гектарды құрайды. Бұл туралы брифингте Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиев тілшілерге баяндады.

qaztalov-4-768x512

Осы алқаптарды айналымға енгізу бағытында «Сакрыл», «Мамай» суландыру жүйесі және «Жұлдыз» бөгетіне  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға облыстық бюджеттен 27,168 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Лиман-55» каналының 11 шақырымына  ағымдағы жөндеу жұмыстары және аудан аумағы арқылы өтетін «Киров-Шежін» су арнасы бойынша жаңа құрылыс және қайта құру жұмыстары аяқталды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале