16.02.2019, 11:45
Оқылды: 130

Қазталов-Жәнібек-Бөкей ордасы жолының күрделі жөндеуі биыл басталады

 -Елбасы тапсырмасына сәйкес, облыс орталығынан қашықта орналасқан аудандарға салынып жатқан жол құрылысы жіті бақылауда, -деді БҚО әкімі Алтай Көлгінов тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде.

IMG_0805

-Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына 275 шақырым болатын республикалық маңызды автожол құрылысына «Қазавтожол» күрделі жөндеу жұмысы үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуде. Жол құрылысы биыл басталады. Алдағы 3 жылдың ішінде жол салынады.

Барлығы 464 шақырым жол жөнделеді. Чапай-Жапақтал-Қазталов-РФ республикалық маңызды жолының 326 шақырымы, Өнеге-Бисен және  Қазталов-Жәнібек  жолының күрделі жөндеуі жалғасады.

Сырым бекетін қайта жабдықтаймыз, Самара-Шымкенттің 78 шақырымы  мен Атырау қаласына апартын жолдың 105 шақырымы орташа жөндеуден өтеді.  Облыстағы жолдардың 80 шақырымы жөнделеді.

Үлкен-Шаған-Переметный-Вечный бағытындағы жолдың күрделі жөндеуі басталды. Биыл аяқтау жоспарда бар. Биыл Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының жөндеу жұмысы аяқталып, Шыңғырлау-Лубен-Лебедевка, Тасқала-Аққурай-Болашақ жолын күрделі жөндеу басталады. Федоровка-Ақсай жолы орташа жөндеуден өтеді, -деді Алтай  Сейдірұлы.

Динара Насыр

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

IMG_0922 IMG_0924

IMG_1359 IMG_0888 IMG_0813 IMG_0822


Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале