11.05.2017, 0:19
Оқылды: 52

Қазталовта 1383 адам таза ауыз сумен қамтылады

IMG-20170511-WA0008Өңір басшысы Алтай Көлгіновтің сапары əрі қарай Казталов ауданының Қайыңды, Ақпәтер, Жалпақтал,Сарықұдық, Қайшақұдық ауылдарында жалғасты.


Діттеген жеріне кештетіп жеткен облыс басшысы өзін күтіп тұрған ел-жұртпен емен-жарқын əңгімелесіп, өңірдің жай-күйі, жоспарлы шаруалар туралы баяндады.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша облысымыздағы 55 елді мекенге таза ауыз су тартылмақ. Сондай-ақ 35 ауылдық округке көгілдір отын кіргізіледі. Казталов аудан орталығында 24 пәтер салынбақ. Ал аудан бойынша 12 елді мекенге таза ауыз су тартылады. Таза ауыз су - денсаулықтың кепілі. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында қолға алынған шаруаларды көзбен көру үшін жолға шықтық,- деді өңір басшысы Алтай Сейдірұлы тұрғындармен кездесу барысында.

Облыс басшысы бұл өңірлердегі "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша тартылып жатқан ауыз су құбырының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, Казталов ауданының Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа ауылдарына жүргізілетін су құбырының құрылыс жұмыстарына "БатысГазстрой" ЖШС жауапты. Жалпы ұзындығы 103,249 шақырымды құрайтын жобаның құны 778, 174 млн. теңгені құрайды. Нысан толықтай аяқталған күнде 1383 адам таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Облыс басшысы нысан құрылысын тексеру барысында сала мамандарына қауіпсіздік шараларын қадағалауды қатаң тапсырды.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале