31.10.2018, 16:08
Оқылды: 84

БҚО-да мектеп оқушысы «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды

Орал қаласында өткен «Жомарт жүрек – 2018» сыйлығымен марапаттау форумында Қазталов ауданы Қошанкөл ауылындағы Ғ.Бегалиев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды. Нұрдәулеттің  3 жасар баланы құтқарып қалған ерлігі туралы бұған дейін сайтымызда жариялаған болатынбыз. 

jomart jurek (7)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Мен ата-анаммен Қошанкөл ауылында тұрамын. Әкем Асқар Аткешев  үй шаруасындағы адам. Анам Гүлжан Сисенова – мектепте мұғалім. Үйдегі үш ұлдың кенжесімін. Биылғы 5 мамырда тоғанға батып бара жатқан үш жасар баланы құтқарып қалған едім. Сол себепті бүгін үлкен марапатқа ие болдым. Өте қуаныштымын. Бірақ мен ол кезде мақтану немесе марапат алуды мақсат тұтқан жоқпын. Бар ойым сол баланың өміріне араша түсуде болды. Ол жерде менің орнымда болған әрбір жан сәбиді құтқаруға бел буатыны анық. Дегенмен менің аз да болса, ерлігімді ескеріп, марапатқа ұсынған аға-апаларыма ризамын, - дейді «Батыл жүрек» аталымының иегері.

jomart jurek (13)

 

 

20181031162624

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале