30.07.2018, 18:50
Оқылды: 30

БҚО-да келінін өлтірген қаскөй 11 жылға сотталды

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта бұрынғы келінін қасақана өлтірді деп айыпталушы Асылбек Омаровқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Асылбек Омаров ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы, яғни «Адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды. Сондай-ақ қатар сотталушы қаза тапқан Ақерке Қозыкешеваның отбасына моральдық өтемақы ретінде 5 млн. және материалдық шығын есебінде 1,4 млн. теңге төлеуі тиіс.

-Айыпталушы Асылбек Омаровтың кінәлі екендігі сот-тергеу барысында толықтай дәлелденді. Ол ауыр қылмыс жасаған соң өз еркімен құқық қорғау орындарына берілді және кінәсін толықтай мойындады. Көзбе-көз кездестіру, қылмыс орын алған жерде жүргізілген тексерулердің қорытындысымен толықтай келісті. Сондай-ақ телефон қоңырауларынан жазылып алынған стенограммаларға сәйкес айыпталушы Асылбек Омаров қылмыс жасамастан бір күн бұрын, яғни ағымдағы жылдың 7 сәуірі күні бұрынғы келіні Ақерке Қозыкешоваға қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсетіп, өлтіретіндігін айтқан. Қозыкешова сол бойда 102 телефонына қоңырау шалып, Омаровтың кек аламын деп өміріне қауіп төндіргенін хабарлаған. Бірақ БҚО ішкі істер департаменті тарапынан адамның өміріне араша түсуге еш шара алынбаған. Сондықтан аталмыш департамент басшысының атына қызметкерлерінің тиісті шара қолдағанбағаны үшін жеке ұйғарым шығарылды,-деді мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судиясы Бақыт Ермаханов.

Сот талқысында белгілі болғанындай, Семей қаласында тұрған 28 жасар Ақерке Қозыкешева өзінің ұлын алып кету үшін Оралға келген. 8 сәуір күні Ақерке өзінің бұрынғы күйеуі Саят Қозыкешевпен және кішкентай ұлымен кездесу үшін ата-енесінің үйіне келген. Үйдің ауласында Ақерке мен Саят, қайын атасы Асылбектің арасында жанжал туындаған. Бұдан кейін Ақерке, оның бұрынғы күйеуі мен ұлы таксиге отырып, жалдамалы пәтерге кеткен. Сотталушы Асылбек Омаров жолай такси ұстап, ұлы мен бұрынғы келіні жалдаған үй мен пәтерді тауып алған. Омаров ұлы мен немересінің кеткенін күтіп, келінімен сөйлесуге ниет білдірген Асылбек Омаров пен келінінің арасында дау-дамай туындаған. Осы кезде Ақеркені жұдырығымен бетінен ұрып жібереді. Бұрынғы келіні құлап қалғаннан кейін Омаров оны ұрып, тепкілей бастаған. Мұнан соң жанында жатқан шолақ шалбардың бауын алып, онымен бұрынғы келінін буындырған. Артынша асүйден пышақ алып, Ақеркенің кеудесіне пышақ жұмсаған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес марқұм жүрек тұсынан сұғылған пышақ жарақатынан көз жұмған.

 Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале