8.06.2018, 16:02
Оқылды: 81

Оралда Кембридж университетінің түлегі тәжірибесімен бөлісті

Кездесу Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «БатысБілімTalks» жобасы аясында ұйымдастырылды. Айта кету керек, жобаның мақсаты - табысты адамдардың ой-пікірін тыңдауға бағытталған ашық алаң құру, тәжірибе алмасу.

Оралға арнайы келген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Назипа Аюбаева жергілікті ұстаздармен «Кәсіби даму мақсатындағы мұғалімдердің серіктесті» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында білім беру мақсатында табысқа жету үшін мұғалім қалай жұмыстану керек, неге мән беру керек деген мәселелер талқыланды.

987407b8-0acf-49ef-8834-826edd995980Кембридж университетіндегі оқыған тəжірибесіне сүйеніп сөйлеген спикер жас ұрпақтың ойлауы мүлде басқаша, сондықтан білім беруде мұғалімге көп ізденіс, өз іс-əрекетіне зерттеу жүргізу қажет екенін баса айтты.

Сондай-ақ сессиядан кейін қатысушылар зияткерлік мектеп мұғалімдері мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің мастер-кластарына қатысты.

Шеберлік сағаттарында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты зерттеу үшін фокустық сұрақты қалай анықтауға болады?», «Топ құру және сабақты зерттеу тобында рөлдерді бөлу», «Сабақты зерттеу үдерісіндегі бірлескен бақылау техникалары» тақырыптарында ой-пікірлер айтылды.

Айта кетейік, спикер Назипа Алтынбекқызы Кембриджде докторлық қорғаған тұңғыш қазақ қызы екен.

zhaikpress.kz

0c0692d0-83b8-44de-a768-8f180d448f45 64a53107-16c7-48c2-b7b2-79d77516e414 d7e5b3a7-719a-4ecb-abf9-5755eb3e12aa f80bbd10-1035-4e47-8bf9-dc3e1a8c480f

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале