9.08.2017, 18:52
Оқылды: 37

Кенесары Нұршинов Круглоозерное ауылына әкім болып сайланды

Орал қаласының Круглоозерное кентінің әкімі қызметіне екі кандидат тіркелген. Мәслихат депутаттарының дауыс беруінің қорытындысында кандидат Шахаров Аслан Беркімбайұлы 3 дауыс жинап, Нұршинов Кенесары Бекболатұлы 10 дауысқа ие болды.


Сайлау комиссиясының шешіміне және қала әкімінің өкіміне сәйкес арнайы тексерістен өткенше Нұршинов Кенесары Бекболатұлы  Круглоозерное кенті әкімінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Орал қаласының Желаев ауылдық округі әкімі қызметіне де екі кандидат тіркелген. Дауыс берудің нәтижесінде кандидат Ашығалиев Тимур Құбайдоллаұлы 13 дауыс жинап, ал Тілегенов Максим Тоқтамысұлы 0 дауысқа ие болған. Сөйтіп арнайы тексерістен өткенше Ашығалиев Тимур Құбайдоллаұлы Желаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды. Әкімдердің өкілеттігі - 4 жыл.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале