7.09.2017, 12:35
Оқылды: 60

Кенжеғали Қаражанов, Сүндетқали Қаражановтың інісі: Ағам әке орнына әке болды

21458733_10210001577048416_292312375_oСүндетқали Қаражанов - журналист Мұнайдар Балмолданың "Он төрт" романының басты кейіпкерлерінің бірі, Жалпақталдағы жастар ұйымының мүшесі. 

Ағам, Сүндетқали Қаражанов – отбасындағы тұңғыш бала. 1922 жылы дүниеге келген. Әкеміз 1937 жылы қайтыс болды. Әкеден 5 бала қалдық. Сөйтіп Сүндетқали ағам әке орнына әке болды. Мектепте жақсы оқыды. 10 сынып бітіргеннен кейін бухгалтер болып жұмыс жасады. Біз оның жалпақталдық ұйымға мүше болғанын білмедік. 1941 жылы желтоқсанда ағамды алып кетті. Мен алтыдамын. Есімде жоқ. Содан 1947 жылы босады. Ауылған келген соң, бізді халық жауының отбасы демесін деп Ақтөбеге көшіріп әкетті. Бір жылдан кейін оны Қарқаралыға жер аударды. Сонда үйленді. Екі баласы дүниеге келді. Ол аймақ Семей полигонына жақын болғандықтан, балалары кемістеу болды. Үлкен ұлы менің анамның қолында тәрбиеленді. Қазір баласынан тараған ұрпақтары Қарағанды жақта тұрады. Біздер мындамыз. Ағам өмірінің соңынан дейін бізге қамқор болып өтті. 50 жасында өмірден озды. Анам мен екі ағам Жалпақталдың ар жағында жерленген. Басына барып тұрамыз. Айналайын, Мұнайдар саған алғысым шексіз. Біз ағамның қалай сотталғанын, басқа да жайттарды білмейміз. Өйткені ағам айтуға қорықты. Бізге кесір тиеді деп сескенді. Енді, міне бәріне көзіміз жетті. Біз -  бақытты ұрпақпыз.

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале