25.10.2017, 12:00
Оқылды: 43

«Киров-Шежін арнасын қайта жаңғырту жылына 500 млн. теңге үнемдеуге жағдай жасайды»

 86053_b0Орталық Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан Батыс қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов осылай деді.

-Батыс Қазақстан өңірінде 6 бірдей ирригациялық құрылым жаңартылды. Олар: Киров-Шежін арнасы, Әбділман және Соркөл, Деркөл, Ақжайық сорғысы, Шолақаңқаты және Қалдығайты лмандық суару жүйесі.

Киров-Шежін арнасын қайта жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Қазір 4 кезеңнің 3-еуі аяқталды. Ұзындығы – 180 шақырымды құрайды. Каналды іске қосу 4 ауданның аумағында 130 мың га жайылымды жерлерді суаруға мүмкіндік береді. Ресейден су сатып алатынымызды ескерсек, осы жұмыстың нәтижесінде жылына 500 млн. теңге үнемдеуге жағдай жасайды. Қалған 5 құрылымды жөндеуге 820,5 млн теңге қаржы жұмсалды. Нәтижесінде мал басының көбеюіне, балық шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді деген жоспар бар. Бұл жұмыстарда Парламент депутаттары, Үкімет, ауылшаруашылық министрлігі үлкен қолдау білдіріп келеді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале