10.10.2017, 19:02
Оқылды: 25

Кіші Өзен су қоймасының құрылысы жоспарлануда

f5bafea0-b792-4b1e-bbdd-2a4ef087eed9Бұл туралы Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков айтты.

Ресей Федерациясынан келетін суды ұстау және тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін Казталов ауылдық округіне қарасты Сексенбай ауылы тұсынан Кіші Өзеннен су қоймасына құрылыс салу жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемеге немесе оларды қалпына келтіруге «ҚазСуШар» АҚ арқылы жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 4, 800 млн. теңге қаражатты 2018 жылдың бюджетінде қарастыру көзделуде.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, аудан аумағы арқылы өтетін «Киров-Шежін» су арнасы бойынша ІІІ-кезеңдегі жаңа құрылыс және қайта құру жұмыстарына 1 млрд.100 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстарды аяқтау үшін қосымша 500 млн. теңге қаражат бөлінді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале