21.04.2017, 10:06
Оқылды: 29

«Кітапхана NEWS» газетінің алғашқы нөмірі шықты

Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана бүкілдүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ашық есік күнін және «Biblio түн-2017» акциясын өткізді. Акция аясында түрлі мазмұнды шаралар ұйымдастырылды.


-Жылдағы дәстүр бойынша бүкілдүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін атап өту мақсатында ашық есік күнін өткізіп жатырмыз. Белгілі журналист, ақын ағамыз Ғайсағали Сейтақпен кездесу кешіне жас оқырмандарымыз көбірек қатысты. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында 2017 жылы оқуға таңдалған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары бойынша «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» тақырыбында әдеби сазды кеш өткізіліп, кітап көрмесінің таныстырылымы болды.

Кейін жергілікті журналист Амангелді Ақмурзин «Осенняя рапсодия» кітабының таныстырылымы осы кештің аясында ұйымдастырылды және «Кітапхана NEWS» атты газетіміздің алғашқы нөмірін оқырманға ұсындық,- дейді Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қоғаммен байланыс және көпшілік шаралар бөлімінің қызметкері Гүлнұр Көшкінбаева.

Сондай-ақ «Сценография құпиялары» тақырыбында суретшілермен кездесу және театр костюмдерінің көрмесі, «Библиограф әзілдейді», «Ақылды палата» ойындары қатысушылар үшін нағыз білім сайысы болды.

Осының бәріне аяқтай барып, көзбен көрген оқырмандар кітапхана ұжымына  ризашылықтарын білдірді.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале