28.08.2018, 18:31
Оқылды: 40

Оралда қоғам белсенділері мен ардагерлер марапатталды (СУРЕТ)

Бүгін облыстық әкімдікте Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай актив жиыны өтті. Жиынға қатысқандарды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.


 

-Сіздерді еліміздің қастерлі мерекелерінің бірі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекені атап өтудегі басты мақсат – қоғамдық санада демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет құруды қамтамасыз еткен Ата Заңымыздың рөлі мен маңыздылығын нығайту. Конституция заңның үстемдігі, адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асуын паш ете отырып, мемлекеттігіміздің іргесін қалады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Біздің басты парызымыз – Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметтеуіміз қажет». Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтауымыз керек! Қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың іргелі қағидаттарын нығайта отырып, Конституция қоғамның динамикалық дамуының факторына айналды. Ең бастысы, Тәуелсіз Қазақстанның тиімді дамуын қамтамасыз етті. Конституциямен айқындалған ережелерді жүзеге асыру арқасында күллі әлем қазақстандық даму жолын мойындады. Халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде көп елдерге үлгі. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы болғандықтан, баршамыз еліміздің бүгіні мен болашағы үшін Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауға тиіспіз. Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заңымыздың мерекесі құтты болсын! -деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ облыс әкімі бір топ қоғам белсенділері мен еңбек ардагерлерін «Астана – 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін төстеріне медаль таққандардың қатарында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Хатимолла Бердіғалиев, еңбек ардагерлері Софья Иманғалиева, Роза Көжекова, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық аурухананың емхана меңгерушісі Сергей Мельников бар. Дәл осындай құрметке Клара Саржанова, Нәбия Сейтқалиева, Бәтес Ысмағұлова сынды еңбек ардаргерлері, облыстық театр актері Сердеш Қажымұратов, «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно, «БҚО үкіметтік емес қоғамдық ғылыми ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Захот Мұхлисова, «БҚО машина жасау компаниясы» ЖШС-ның бас директоры Дәурен Сисенов, Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы медицина бөлімінің меңгерушісі Фарзана Ысқақова ие болды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

суретке түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Темирболат Токмамбетов08

Темирболат Токмамбетов09 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов11 Темирболат Токмамбетов13 Темирболат Токмамбетов14 Темирболат Токмамбетов16 Темирболат Токмамбетов17 Темирболат Токмамбетов19 Темирболат Токмамбетов20

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале