28.03.2017, 12:34
Оқылды: 78

Қоғамдық тіл инспекциясы 315 бизнес субъектісіне көмек көрсетті

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында сөз алған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали осылай деп мәлімдеді.


- 2010 жылдан бері өңірімізде жалғасын тауып келе жатқан серпінді жоба - қоғамдық тіл инспекциясы. Аталмыш жобамен 2000-нан астам кәсіпкерлік субьектісіне тіл заңдылығы талаптарының сақталуы жөнінде нақты көмек көрсетілсе, 2016 жылдың өзінде қамтылған бизнес субьектілерінің саны 315-ті құрады. Инспекция ықпалымен көрнекі ақпарат, жарнама мәселесін реттеу және іс қағаздарын жүргізу бойынша облыс аудандарының және Орал қаласының бірқатар бизнес құрылымдарына әдістемелік көмек көрсетілді. Бұл жобаның ұтымдылығы - бизнес құрылымдарындағы іс-қағаздарының реттелуінде.

Махамбет Мәтенқожаның айтуынша, басқарманың  тапсырысымен ашылған «Қыздар әлемі» (www.kyzdaralemi.kz) электронды порталы мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуде зор рөл атқарды. Жоба аясында тәрбие сағаттарының 200 сағаттық жиынтығы  облысымыздың барлық мектептеріне тегін таратылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале