16.05.2017, 11:22
Оқылды: 112

Көк тудың желбірегені

Kok tudin jelbiregeni 01  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Көк тудың желбірегені» атты шара өтті.

  Ән кеші тыңдармандардың мемлекеттік әнұранды  орындауымен басталды. Өнер кешінде мемлекеттік "Дарын" сыйлығының иегері, әнші Ибрагим Ескендір Ақжайық жұртшылығына «Аманат», «Оян, қазақ», «Қазағым», «Қазақстан» секілді бірнеше рухты әуендерін  орындады.


  Шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен мен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетов барша халықты келе жатқан ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Қазақстан эстрадасының жұлдызы Ибрагим Ескендірге ақжарма тілегін білдірді.

  Елдік тақырыпты ту еткен, халықтың рухын асқақтатып, олардың бойында мақтаныш сезімін туғызған акция мереке қонағы Ескендір Ибрагимнің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен асқақтады.

Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале