24.01.2017, 19:25
Оқылды: 36

Көлік апаты бір адамның өмірін қиды

IMG-20170124-WA0045-124 қаңтарда шамамен сағат 10.30-дың кезінде Самара-Шымкент тасжолының 263-ші шақырымында көлік апаты орын алды, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.


«УАЗ 390945» автокөлігінің 1955 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағыттағы «ГАЗ» автокөлігімен (жүргізушісі 1981 жылы туған) соқтығысады.

Қара жолдың бойындағы көлік апаты «УАЗ» автокөлігіндегі 41 жастағы жолаушының өмірін қиып кетті. Ал «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен «ГАЗ» автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале