23.02.2019, 18:44
Оқылды: 27

Көлік өткелін бұзу жұмыстары аяқталды

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласының мұнай базасы маңындағы «Омега» көлік өткелін қайта салу жұмыстарының қарқынымен танысты.

IMG_3423

Бүгінде көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Өткен жылдың қараша айында басталған ескі көпірді бұзу жұмыстары толықтай аяқталған. Құрылыс жұмыстарын қолға алған «Ка-Строй ЛТД» ЖШС-нің жұмысшылары құрылыс алаңына бұрғылау машиналарын әкеліп, көпір бағандарын қазу, бағандардың қаңқаларын әзірлеу жұмыстарымен айналысуда. Көлік өткелінің толықтай аяқталуы 2021 жылдың тамыз айына жоспарланғанымен, мердігер компания құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр. Көпір құрылысымен танысқан өңір басшысы ауа-райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланып, жұмысты уақтылы және сапалы атқаруды тапсырды. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа көпір екi есеге кеңейiп, көпір ені 21 метр, ұзындығы 988 метр, ал тротуардың ені 1,5 метрді құрайтын болады. Сондай-ақ көпір 4 жолақты көлік қозғалысына есептелген.

IMG_3587

IMG_3631

IMG_3608

IMG_3306

Н.Оразаев,

Фото: А.Куприенко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале