17.01.2017, 18:07
Оқылды: 44

«Комитет – әр үйге»

Brifing 01  Бүгін  ҚР орталық коммуникациялар орталығының облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында  «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу – әрбір үйге» атты жоба талқыланды.

  Брифингке ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің БҚО бойынша басқармасының  аға прокурорлары  Руслан Хакимов пен Орынтай Байғалиев қатысты.


  Басқосу барысында «Комитет – әр үйге» жобасы талқыланып, азаматтарды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналасуына немесе зорлық-зомбылықпен ұштасқан қылмыс жасаған тұлғалардың білім беру мекемелерге орналасуына жол бермеу мәселелері сөз болды.

  -Бүгінгі басқосуымыздың мақсаты – облыс тұрғындарына Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының мүмкіндіктерін түсіндіру. Жалпыға қолжетімді  «е.gov» электронды үкімет  порталынан  қылмыс жасады деген сезікпен іздеу есебіне алынған, тергеу органдарынан, соттан, жаза мерзімін өтеп шығудан жасырынған, алимент төлемей жүрген борышкерлер тізімін, өзіне қатысты әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын және төленгенін тексеруге болады. Сондай-ақ автокөліктің адам өлімі мен жарақатына апарып соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысы бар-жоғын біле алады. Яғни ұсталған автокөлік сатып аларда көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін білсеңіз, ақпарат алуға болады,- деді аға прокурор Орынтай Құбайдоллаұлы.

  Сондай-ақ аталмыш порталдан мемлекеттік органға берілген арыздар мен өтініштердің қаралу барысы мен нәтижесін бақылауға мүмкіндік бар. Егер жеке кәсіпкер болсаңыз, өзіңізге қатысты тексерістің Комитетте тіркелгендігін, заңды негізде жүріп жатқандығын  тексере аласыз.

  -Бүгінгі таңда аталмыш порталға 1 миллион 800 мыңнан астам азамат тұтынған. Айыппұлдарды 192  мың адам қараса, іздеу салынғандар тізімін 300 мың адам, арыз-шағымдарды 295 мың жан тексерген,- деді Руслан Хакимов.

                                                        Гүлсезім БИЯШЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале