29.11.2018, 17:38
Оқылды: 22

Коммуналдық апат: жылу құбыры қалпына келтірілді

Оралда «Жайық таза қала сервис» мекемесіне тиісті қоқыс таситын көлік жылу магистралін құлатып, 24 пәтер жылусыз қалған болатын.

teplo

Жүргізушінің абайсыздығынан орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан  200 метрдей жылу құбыры тұғырынан құлап, ыссы су жарты сағаттай көшеге аққан. 24 отбасы тұрып жатқан екі қабатты 4 үй жылусыз қалды.

«Кешкі сағат 18:30-да үйлерді жылумен қамту толық қалпына келтірілді» дейді БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім меңгерушісі міндетін атқарушы Берікқали Айтқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале