18.02.2019, 17:02
Оқылды: 25

Коммуналдық қызметтер құны өспейді

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің халық алдындағы есебі кезінде айтты.

Бозымбаев

 - Коммуналдық қызметтерді құнын арзандату барлық өңірге ортақ мәселе. Елбасы Үкіметке коммуналдық қызметтердің бағасын арзандату туралы нақты тапсырма берген болатын. Соған орай жаңа жылдан бастап көгілдір отынның көтерме бағасы 12,6 пайызға арзандады. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін жылу жүйесі мен электр қуаты тарифінің 10 пайызға дейін арзандауына себеп болды. Сонымен қоса антимонополиялық комитет «ҚазТрансГаз Аймақтың» газ тарифін тағы да 10 пайызға арзандатуға шешім шығарды. Жыл аяғына дейін коммуналдық қызметтер осы бағада сақталады, - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Гүлсезім Бияшева,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале