14.03.2017, 12:32
Оқылды: 63

«Көрісіп, батасын ал ақсақалдың»

IMG_7652Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықпен бірлесе отыра, Көрісу күніне бағышталған  «Көрісіп, батасын ал ақсақалдың» шарасын қолға алды.


Мұндағы мақсат - ұлттық дәстүрдің ажырамас бөлігі болып табылатын Наурыз мерекесінің басталған күнінде ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, қарияларға құрмет көрсетіп,  мерекелік көңіл-күй сыйлап, батасын алу.

IMG_6426Шара барысында жастар Жайық өңірінің соғыс және тыл ардагерлеріне, қоғам қайраткерлеріне, өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан зиялы қауым өкілдерінің үйіне құттықтай барды.

Сонымен қатар А.Н.Островский атындағы орыс драма театры алдында халыққа концерттік бағдарлама ұсынылып, микроавтобуста орнатылған дыбыс күшейткіш арқылы қала халқы мен қонақтарын Амал мерекесімен құттықтап, тілектер тіледі.

Ізгіліктің нышаны болған бүгінгі шара діттеген мақсатына жетті деген ойдамыз.

IMG_6372Айта кетейік, жыл бастауы Наурыз мерекесі біздің өңірімізде ерекше аталып өтіледі. Бұл айырмашылық 14 наурызда Көрісу күнінің тойлануымен ерекшеленеді. Жастардың үлкенді, соның ішінде қарияларымызды құрметтеуінің маңызы атаулы мерекеде ерекше көрініс тапқан.

А.Сарманова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале