31.03.2020, 4:55
Оқылды: 32

Коронавирустан көз жұмған әйелмен құдалықта бірген болған алматылық та індет жұқтырған

Алматыда құдалықта болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

covid

Оның айтуынша, Ақмола облысының арнайы қызмет өкілдері коронавирустан қаза болған әйелдің Алматыда құдалықта болғанын хабарлаған. «Алматыда ол әйелмен 6 адам жақын араласқаны анықталды. Олардың барлығы қазір оқшауланды. Олар құдалықта бірге болған. 6 адамның ішінде біреуі коронавирус жұқтырған. Ол әйел қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Басқарма басшысы карантин кезінде ұлттық дәстүрлерімізді тоқтата тұру керектігін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ұлттық дәстүрлеріміз – құдалық, беташар сияқты балалардың қуанышына жасалатын жоралғыларды тоқтату керек. Көп адам бас қосатын, тамақтанатын дәстүрлер қазір қажет емес. Көп нәрсе тәртіпке байланысты», - деді Т.Әбілдаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале