14.03.2017, 12:43
Оқылды: 47

Қос ауданның кәсіпкерлері бас қосты

    СПК (35) главный «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 16,5 млрд.теңгеге 77 жоба қаржыландырылған.


Бұл туралы ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, мемлекеттік бағдарламаларды қолдау мен дамытуды іске асыру бойынша ауданның кәсіпкерлеріне түсіндіру жұмыстары туралы біріктірілген кеңесінде аудан әкімінің орынбасары Ринат Шауенов мәлімдеді. Зеленов ауданында 2690 шағын және орта бизнес субъектілер мен шаруа қожалықтары бар.

Жиынға Ринат Сатымұлы төрағалық жасады. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Нұрмағанбетов, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Сапарғалиев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы БҚО филиалының директоры Нұрлан Қайыршин, «Даму», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроФинанс» АҚ БҚО филиалының директорлары, Зеленов және Тасқала ауданының кәсіпкерлері, кәсіп ашуға ниетті азаматтар, қос ауданның округ әкімдері қатысты.

-Бүгінгі күнге дейін «Агробизнес-2020» бағдарламасымен жұмыстанып келдік. Елбасы ағымдағы жылдың 14 ақпанында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда жаңа мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Бағдарламаның басты артықшылықтары ішкі нарықты молайтып, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту,  ауыл шаруашылық кооперациясына шағын және орта шаруашылықтарды тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Қазіргі кезде бағдарламаға қатысты ауыл шаруашылығы министрлігі тоғыз ережені бекітті. Бағдарламаның мақсаты  ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру және сол арқылы ел экономикасын тұрақты дамыту мен бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, -деді Серік Базарұлы.

СПК (17)«Бастау–бизнес» жобасы жайында сөз өрбіткен Нұрлан Серікұлы:  - Жобаның басты мақсаты Зеленов, Ақжайық, Теректі, Казталов, Жаңақала аудандарында кәсіпкерлік қызмет арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.  Ол үшін алдымен кәсіп бастауға ниеттілер психологиялық тест тапсырады. Тест арқылы олардың кәсіпкерлікке қабілеттігі анықталмақ. Бизнес тренерлер оқытып, даярлайды. Биыл жоспар бойынша 1000 адамды оқытып 188 жоба жүзеге асырылмақшы. Оқыту аяқталғаннан кейін ең табысты бизнес жобалардың авторлары жеңілдетілген несие беру бағдарламасының қатысушылары қатарына қосылады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен кәсіпкерлер палатасы бір ауыздан келісіп, 600 микрокредиттік жобаны жүзеге асырмақ. Оның 300-і облыстық бюджеттен, 300-і ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан болады, - деді.

Жиында  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы барысы, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан несие бөлінетін  бағдарламалар түсіндірілді. Мысалы «Береке» бағдарламасы ауылшаруашылық өнімін алу үшін ауылшаруашылық малдарын бордақылауға, «Бірлік» сүт қабылдау бойынша пунктерін құрастыру және дамытуға, «Ынтымақ» етті, сүтті және жеміс-көкөніс өнімі бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту және құруға, жабдықтарды, кооператив үшін ауыл шаруашылығының  арнайы техникасын сатып алуға, «Ырыс» сүтті өнімдер фирмасын салуға бағытталған.

Сондай-ақ кеңеске арнайы келген «СТ Агро» ЖШС-ның өкілі Бақтияр Шахманов «CLAAS  және  HORSCH» атты неміс фирмасының қазіргі заманға сай  ауылшаруашылық техникалары жөнінде мәлімет бере отырып, олардың сапасы мен бағасына тоқталып өтті.

Динара Беріш

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале