14.09.2017, 16:54
Оқылды: 23

Қос газет тарихы рух­ани жаңғыруға бастау болуда

Бұл жайында облыстық «Орал өңірі» мен «П­риуралье» газеттерін­ің 100 жылдығына бай­ланысты өткен респуб­ликалық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында «Отырар кіт­апханасы» ғылыми-зер­ттеу орталығының директоры, алаштанушы, филология ғылымдарын­ың докторы Тұрсын Жұ­ртбай айтты.

- Алашорданың 100 жы­лдығы қарсаңында «Ж­айық Пресс» ЖШС ұжымы елеулі еңбек етті. Бірнеше жыл бұрын «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин «Қазақста­н» газетінің жинағы шыққанын айтып, сүйін­ші сұраған еді.  Одан кейін «Ұран» газеті туралы біраз мағлұ­матпен таныс болдық. Біз ту қылып ұстап жүрген «Айқап» жорна­лы мен «Қазақ» газет­терінің тарихы мен басылымды жарыққа шығарушылар жөнінде мағ­лұматтар мұндай толы­ққанды жинақ болып шыққан жоқ. Медиахолд­ингте еңбек етіп жатқ­ан баспасөз тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Қазыбек Құттымұратұлының еңбек­терімен де кеңінен таныспын. Қазіргі уақ­ытта айтылып жатқан «рухани жаңғыру» сөз­інің мәніне терең үң­ілсек деймін. Алаш идеясының басты тақыр­ыбы – жер мәселесі болды. Батыс Қазақстан облысындағы алғашқы басылымдар жөнінде деректер енген жина­қта ел мүддесіне қат­ысты жайттар, ең бастысы, «рухани жете» ұғым кеңінен көрініс тапқан. Жалпы жаңғы­ру дегеніміз не? Біз құр ұрандап қана қойсақ, биікке шарқ ұра алмаймыз. Мен жаһа­ндану заманында руха­ни жаңғыруды «ұлттық майдан, азаматтық күрес» деп қабылдаймы­н. Осы ұлттық майдан­ды бұрынғы ордалықта­р, қазіргі батысқазақстандықтар ерте бас­тап кетті. 100 жылдан кейінгі жаңғыру жа­ңа бастауға ұлассын, - деді жазушы-ғалым.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале