19.02.2019, 18:18
Оқылды: 18

Қос легионер «Ақжайықтың» Премьер Лигаға оралуына күш салмақ

 «Ақжайық» футбол клубымен хорватиялық Денис Главина мен украиндық Сергей Басов келісімшарт мерзімдерін ресми түрде ұзартты деп хабарлады «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі.

Денис Главина Украинаның «Динамо» (Киев), «Днепр» (Днепропетровск), «Ворскла» (Полтава), польшалық «Арка» (Гдыня), хорватиялық «Вараждин», «Сплит» және Словенияның «Заврч» клубтарында өнер көрсеткен. Елімізге 2016-2017 жылғы маусымда келіп, «Тобыл» сапында доп тепкен. Кейін «Ақжайыққа» қосылды. Былтырғы маусымның жартысын «Жетісу» құрамында өткізіп,жазғы транферлік маусымда қайта оралды.

IMG_8046

Ал Сергей Басов әр жылдары Запорожьенің «Торпедо», «Динамо», «Металлург» командаларында ойнады. Сондай-ақ донецкілік «Титан», Кировоградтың «Звезда», черовцылық «Буковина» және Александрия қаласының «Александрия» клубтарында өнер көрсетті. «Ақжайыққа» өткен жылдың қаңтарында қосылды.

IMG_8048

Енді қос легионер команданың Премьер Лигаға оралуы үшін күш салмақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале